TOP-2Жаңалықтар

+42°C дейін ыстық: жаңа аптада ми қайнатар аптап ыстықтың беті қайтпайды

10 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауғанымен, бірнеше өңірде күн қатты ысиды. Осыған байланысты Қазгидромет халыққа ескерту жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ертең Астанада күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

10 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Күндіз 35–38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының солтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Ертең күндіз Ұлытау облысында 35–38 градус қатты ыстық болады. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дүйсенбіде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–18 метрге жетеді. Күндіз 35–38 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше, ал батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

10 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауады. Облыстың шығысы мен таулы аудандарында найзағай ойнайды. Алакөл маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге, кей уақытта 23–28 метрге жетеді. Күндіз 35–37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен батысында жоғары, ал шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кешке таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болады. Күндіз 35–38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, ал оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Алматыда 10 тамызда 35 градус қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында күндіз солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соғатын жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары, ал солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс аумағында төтенше, ал солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

10 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан секундына 15–20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз 40–41 градус қатты ыстық болады. Облыс аумағында төтенше, ал солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дүйсенбіде күндіз Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз 36–39 градус қатты ыстық болады. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз 35–38 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында төтенше, ал орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Қызылорда облысында 40–43 градус қатты ыстық болады. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда күндіз Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз 35–37 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысы, шығысы мен орталығында жоғары, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан секундына 15–20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз облыс аумағында 38–40 градус қатты ыстық болады. Өңір аумағында төтенше, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Дүйсенбіде Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз 35–37 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз 35–38 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз облыс аумағында 35–38 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Back to top button