Жаңалықтар

+42 градусқа дейін аптап ыстық: 18–20 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Астанада найзағай ойнайды, ал Алматыда +42 градусқа дейін аптап ыстық болады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18–20 шілде аралығына арналған Астана, Алматы қалаларының ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астана

18 шілде, сенбіде елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +17…+19°С, күндіз +34…+36°С-қа дейін ыстық болады.

19 шілде, жексенбіде күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде +20…+22°С, күндіз +33…+35°С ыстық сақталады. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

20 шілде, дүйсенбіде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы +28…+30°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі ықтимал.

Алматы

18–20 шілде аралығында Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды.

Түнде ауа температурасы +24…+26°С, ал күндіз +40…+42°С-қа дейін аптап ыстық болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с шамасында болады.

Back to top button