Жаңалықтар

+41°C ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер мәліметінше, 8-10 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн ыстық болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Кей аймақта жаңбыр жауады

Қазгидромет кей өңірде ауа температурасы +41°C-қа дейін жетіп, бірқатар аймқта жаңбыр жауып, найзағай соғады деп болжап отыр.

Республиканың батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклон әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар жел күшейіп, кей жерде бұршақ жаууы мүмкін.

Алдағы күндері аптап болады

Елдің шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аумақтарында барлық күндері оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауып, найзағай соғады.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанды аптап ыстықтың кезекті толқыны қамтиды. Иран аумағынан келетін жылы ауа массалары әсерінен солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы +35+39°C-қа, оңтүстікте +35+41°C-қа, ал батыс пен орталық Қазақстанда +36+41°C-қа дейін көтеріледі.

Back to top button