Жаңалықтар

+38,6°C: Астанада мұндай ыстық 34 жыл бұрын болған

Алдағы күндері ауа температурасы +41...+46 градусқа дейін көтеріледі.

Астанада 14 шілдеде осы күнге қатысты 34 жыл бұрын тіркелген ауа температурасының рекорды жаңарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін ауа температурасы +38,6 градусқа дейін көтерілді. Бұл 1992 жылы 14 шілдеде тіркелген +35,3 градустық алдыңғы рекордтан 3,3 градусқа жоғары.

Бұған дейін елордада 23 маусымға қатысты 85 жылдық температуралық рекорд та жаңарған болатын. Сол күні ауа температурасы +36,8 градусқа жеткен.

Синоптиктердің болжамынша, 16–18 шілде аралығында еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +41…+46 градусқа дейін көтеріледі.

Аптап ыстықтың салдарынан жедел медициналық көмекке жүгінетіндер саны да артқан. Алматыда шілде айының алғашқы екі аптасында тұрғындар жедел жәрдем қызметін 33 мыңнан астам рет шақырған.

Back to top button