$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Без рубрики

337 млн теңгенің пирамидасын ұйымдастырушы шартты түрде сотталды

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұл жазаны тым жеңіл деп санайды.

6,2 мыңнан астам адамды алдаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Прокуратура істі қайта қаратуға қол жеткізді. Бұл туралы Tizgin.kz Қазақстанның Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пирамидаға 6,2 мың адам тартылған

«Астана тұрғыны 2023-2025 жылдар аралығында жұмыс істеген қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Оған 6,2 мыңнан астам адам тартылған, ал ұйымдастырушының табысы 337 млн теңгені құраған», – деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Қаржы пирамидасына қатысты іс қайта қаралады

Ол мүлкін тәркілеусіз 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына шартты түрде сотталған.

Қазақстанның Бас прокуратурасы бұл жазаны тым жеңіл деп санайды. Прокурордың наразылығы бойынша кассациялық сот сот шешімдерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button