$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

30 келілік қошқармен 40 рет отырып-тұрды: ШҚО-да 70 жастағы апа таң қалдырды

Шығыс Қазақстан облысында өткен заманауи көшпенділердің Nomad Álemi фестивалінде 70 жастағы қатысушы көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Бұл туралы Tizgin.kz порталы yk-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

70 жастағы апа 30 келілік салмақпен сынға түсті

Қасым Қайсенов кентіндегі спорт алаңында фестиваль қонақтарына салмағы 30 келі болатын қошқар макетімен отырып-тұру ұсынылды. Жасына қарамастан апа бұл сынақты сәтті орындап, 40 рет отырып-тұрды. Оның нәтижесі көрермендер мен өзге қатысушылардың таңданысын тудырды.

Ер адамдар да рекордтық нәтиже көрсетті

Сайыста ер адамдар да жоғары нәтиже көрсетті. Қатысушылардың бірі 1070 рет, ал екіншісі 1010 рет отырып-тұрған.

Фестивальге 2 мыңнан астам адам қатысты

Фестивальдің спорттық бағдарламасына барлығы 2 мыңнан астам адам жиналды.

Қатысушылар арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, белбеу күресі, асық ату, ләңгі тебу және қошқар макетін көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

Ұлттық ойындар барлық жастағы адамға қызық

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль арқылы ұлттық ойындардың бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпағанын және олардың әр жастағы адамға қызықты әрі қолжетімді екенін көрсету көзделген.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button