$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Без рубрики

23 тамыздағы сайлау: Қазақстандықтар сайлау учаскесін онлайн тексере алады

Онлайн-сервис іске қосылды.

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.

– https://www.gov.kz/sailau?lang=kk

– https://sailau.gov.kz/kk

– https://sailau2026.gov.kz/kk

Сонымен қатар, өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервисeGov Mobileқосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.

Аталған сервистерді QR-кодтарды сканерлеу арқылы да пайдалануға болады.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button