$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарПікір

«1,5 литр қан құсты»: Дәрігер күн сайын газдалған, тәтті сусын ішудің салдары туралы айтты

Әлеуметтік желіде хирург-гепатолог Мұса Сахипов күн сайын тәтті, газдалған сусын ішкен науқастың денсаулық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дәрігердің айтуынша, 42 жастағы науқас асқазан-ішек жолынан қан кетіп, ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған.

«Ер адам ажырасқан, жалғыз тұрады. Дұрыс тамақтанбайды. Үнемі газдалған, тәтті сусындар ішіп, фас-фуд жейді. Он екі елі ішекте 0,8 және 1,2 сантиметрлік ойық жарасы бар. Оның бірі өте қансырап тұр, ал гемоглабині бар болғаны 48 ғана. Үйінде 1,5 литр қан құсқан», – дейді дәрігер Мұса Сахипов.

Оның айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде есін жиған.

«Қан кетуін тоқтаттық. Қайтадан қан ақса, ота жасауға тура келеді. Мұның бәрі дұрыс тамақтанбаудың, күнде тәтті, газдалған сусын ішудің салдары. Бұл науқас күн сайын 1 бөтелке газдалған, тәтті сусын ішеді. Мұндай зиянды сусындардан аулақ болыңыздар, өмірлеріңізге қауіп төнеді», – дейді ол.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button