Құрылтай депутаттарының өкілеттігі ресми түрде басталды
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутатын ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Неліктен енді басталды
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы депутат ретінде тіркеген сәттен бастап басталады.
Осылайша, тіркеуден өткен 145 депутат енді жоғары өкілді орган – елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын Құрылтайдың толыққанды депутаттары саналады.
Мандаттар қалай бөлінді
Орталық сайлау комиссиясы мәліметінше, депутаттар бес саяси партия атынан сайланған:
- «Әділет» партиясы – 110 депутат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 депутат;
- «Ауыл» партиясы – 10 депутат;
- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 депутат;
- Respublica партиясы – 9 депутат.
«Депутаттық мандат – халық сенімі мен таңдауының нәтижесі. Құрылтай депутаты мәртебесі ел мен халық алдындағы мол жауапкершілікті жүктейді», – деді Әбдіров.
ОСК төрағасы жаңадан тіркелген депутаттарға куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.