TOP-1Эксклюзив

Үкімет төрт жылда саяси партияларға 75 млрд теңге бөлмек

Бұл жайында Қаржы министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарында айтылған. Қаржы министрлігінің жоспарында саяси партияларды қаржыландыру, халықаралық ұйымдарға мүшелік жарналары, Астана халықаралық қаржы орталығын қолдау және мемлекеттік қаржы жүйесіне жасанды интеллект енгізу бағыттары бар, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мысалы, партияларды қаржыландыруға жылына 20 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Құжатқа сәйкес, саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыру жалғасады:

  • 2026 жылы – 17,7 млрд теңге;
  • 2027 жылы – 18,6 млрд теңге;
  • 2028 жылы – 19,5 млрд теңге;
  • 2029 жылы – 19,5 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.

Бұл жерде Қазақстан парламент сайлауында мандат алған партияларды бюджеттен қаржыландыратыны айту керек. Сондықтан бұл шығындар мемлекет шығыстарының тұрақты бөлігіне айналған.
Ал Астана халықаралық қаржы орталығын ұстауға жыл сайын 7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсау көзделген.

АХҚО әкімшілігіне:

  • 2025 жылы – 7,4 млрд теңге;
  • 2026 жылы – 7,2 млрд теңге;
  • кейінгі жылдары шамамен 7,1 млрд теңгеден астам
    қаражат бөлу жоспарланған.

Құжатта мемлекеттің қаржы саласына жасанды интеллект енгізу жоспаары д өрініс тапқан.

Жоспарға сәйкес:

  • 2025 жылы жүйелердің 12,5 пайызында жасанды интеллект элементтері қолданылады;
  • 2026 жылы көрсеткіш 50 пайызға дейін өседі;
  • 2027 жылы 100 пайыз деңгейіне жеткізу көзделген.

Жоба аясында:

  • жасанды интеллект агенттерін пайдалану;
  • кассалық чектерді автоматты талдау;
  • баға деректерін өңдеу;
  • бюджеттік жоспарлау процестерін жетілдіру көзделіп отыр.

Қытаймен шекарадағы кеден бекеттері жаңғыртылады. Құжатта мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту жұмыстары да жалғасатыны көрсетілген.

Жобаның жалпы құны 139,2 млрд теңге көлемінде жоспарланған. Мақсат – жүк өткізу жылдамдығын арттыру, кеден рәсімдерін жеңілдету және транзиттік әлеуетті күшейту.

Back to top button