ЖаңалықтарПікір

«Тарихты мұңмен емес, оптимизммен түсіндіру керек»: Сарапшылар пікірі

Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұң-қайғы жастарымызға жат болуы керектігі туралы айтты. Сарапшылар мұл мәселені «Жасампаз ұлт» бағдарламасында талқылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Бұл құбылыс жалпы жастарға тән болмауы керек. Жастардың психологиясы басқа. Олар болашақ туралы ойлауы керек. Олар оптимист болу керек. Соңғы кездері мұң-қайғы туралы көп айтылып кетті. Ол Кеңес Одағы кезіндегі көзқарас, оның өз себептері болды. Тарихшы ретінде мен өз жауапкершілігімді түсінем. Тарихи сана – ұлттық сананың негізі. Тарихты қалай түсінеді – ұлт өзінің орнын солай түсінеді», – дейді Қоғам қайраткері, белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл.

Білім сарапшысы, Астана қаласындағы №101 «Келешек мектебі» жалпы орта білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Нұрбек Ерікұлы Мемлекет басшысы бұл ойды бұрыннан қозғап жүргенін айтты.

«Идеология деген түсінік мектептен басталады. Балаларға жапа шеккен елміз, көзімізде мұң бар деп түсіндіре берсек – баланың қалыптасуына, мектеп бітіргендегі портретіне үлкен әсер етеді. Осындай тарихи фактілер бар, бірақ керемет тұлғаларымыз болғанын да түсіндіріп, оптимистік көзқарастағы көзқарасты түсіндіруіміз керек», – дейді ол.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар «ұдайы жапа шеккен ұлт» кейпінен арылып, әсіресе жастардың санасына мұң мен күйзелісті сіңірмеу керектігін айтқан болатын.

 

Back to top button