Жаңалықтар
Тайланда полициядан қашқан қазақстандық көлікпен апатқа ұшырады
Жергілікті БАҚ әйел көлікпен бейсауат жүріп, көліктер мен мотоциклдерге соғылғанын жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЕКІ АДАМ ЖАРАҚАТ АЛДЫ
Мәлім болғандай, Пхукет аралында 30 жастағы қазақстандық әйел апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға әуежай маңында болған.
Микроавтобус пен мотоциклге соқтығысуынан екі адам жарақат алған көрінеді.
ПОЛИЦИЯ КӨЛІК ТЕРЕЗЕСІН СЫНДЫРДЫ
Жүргізуші дереу тоқтамапты. Тәртіп сақшысы оны ұстау үшін көлік терезесін сындыруға мәжбүр болды.
Әйел бұрын да осындай жағдайларға ұшырасқан екен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оның мұндай әрекетіне эмоциялық күйзеліс себеп болуы мүмкін.