Тергеу
СҚО-да округ әкімі өзіне қол жұмсады
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданындағы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов өз-өзіне қол жұмсаған.
Ол бұл қызметке биыл 17 ақпанда ғана тағайындалған болатын. Оған дейін “Майское-Агро” ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
Қайғылы оқиға кеше болған. Қазір мән-жайы анықталып жатыр.