Саяси сахнадан жоғалған Байбек кәсіпкер болып жұмысқа кірісті

Алматының бұрынғы әкімі әрі Nur Oran (қазіргі Amanat) партиясының бұрынғы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Qazaq Kaolin кен өндіретін компаниясының төрағасы болып шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Аталған компанияны Бауыржан Байбектің басқаратыны Qazaq Kaolin-нің ресми сайтында жарияланған.
Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек Қаңтар оқиғасынан кейін саясат сахнасынан жоғалып кеткен еді. Содан бері бірнеше жыл бойы оның шетелде жүргені туралы ақпараттар тараған. Яғни, төрт жылдан кейін ғана Байбек Қазақстандағы компанияны басқаратын болып шықты.

Бауыржан Байбек Қаңтар оқиғасына дейін елдегі белді лауазым иелерінің бірі болған. Алматыны басқарған. Оның әкесі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы екені айтылады.
КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ
«Qazaq Kaolin» ЖШС минералдық шикізатты өндіру және қайта өңдеу нарығында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания Алексеевка кен орнының каолиндерін өндіруге және өткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшартқа ие (ҚР, Ақмола облысы).