TOP-2Жаңалықтар

“Қызым маған хабарласам деп едің ғой…” Сотта Ұлдананың анасы көз жасына ерік берді (Видео)

Сотта Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлимә Ешенқұлова көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұлдана жараланған кезде анасы Түркістан облысында – өзі тұратын жерде болған. Астанаға ұшып келіп, ауруханаға кірген кезде қызын танымай қалғанын айтады.

“Мен өз қызымды танымай қалдым. Үш ұйықтасам осылай болады деп ойламаппын. Ішімнен неше түрлі сөздерді айтып… Қызым сен маған хабарласам деп едің ғой, неге олай жатырсың… Не айтарымды білмеймін. Қызымның бетінен сүйіп, ішімдегі бар сезімімді айтқым келді, бірақ қызым мені естімеді”, – деді анасы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Оқиға желісі

Еске салсақ, 2025 жылдың 30 қыркүйекте Ұлдана Мырзуан реабилитолог-дәрігер Әділет Зейнелге тұрмысқа шыққан. Екеуі 8 жыл көңіл жарастырып жүрген еді.

8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, астында бірнеше тұрғын қалып қойған. Көмекке жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде фельдшер Ұлдана Мырзуан жеткен. Құтқару жұмысы барысында ғимараттан кондиционер қондырғысы құлап, Ұлдана мен тағы бір фельдшердің басына тиді. Жалпы оқиға салдарынан 5 адам жарақат алды.

Ұлдана 10 күн бойы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін бар күшін салғанмен, 18 қараша күні 23 жастағы Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде ажал құшқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне қалалық жедел медициналық көмек станциясы ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, марқұмның туыстары мен жедел медициналық көмек станциясының қызметкерлері қатысты.

«Ұлымды қайғы жеп барады»

Марқұм реабилитолог-дәрігер Ұлдана Мирзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел мен анасы алғаш рет сұхбат берген болатын.

«Ал Әділеттің туыстары ол тезірек есін жиып, өзіне келгенін қалады. Ол қараша айынан бастап 3 ай жұмыс істемеді. Ол ауырып, қайғы жеп бара жатқанын Ұлдананың анасы да біледі. Біз оның адамдармен араласып, жақсы әйелмен танысқанын, ел қатарлы өмір сүргенін қаладық. Ол сәуір айынан бастап беті бері қарай бастаған кезде біз қуандық», – деді Әділеттің анасы.

Ал Ұлдананың анасы Руслан Өтепбайғай берген сұхбатында «Мені сыйласаң жәбірленуші статусынан бас тарт» деген болатын.

Back to top button