ЖаңалықтарОқиға
Қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған: Астанада Jetour жүргізушісі ұсталды
Әлеуметтік желілерде Астанада көлік жүргізушісінің қызды қағып, жолын жалғастырып кеткен сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқиға 28 қыркүйекте болған
Жарияланған видеоның сипаттамасында оқиғаның 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 11:26-да Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы, 21 мекенжайында болғаны көрсетілген.
«Адамды қағып, әрі қарай кетіп қалды», – деп жазылған видео сипаттамасында.
Көлік коммуналдық тұраққа қойылды
Полицияның мәліметінше, Jetour T2 көлігінің жүргізушісі анықталған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.