Спорт

«Қайрат» грекиялық «Панатинаикостан» ойсырай жеңілді

Алматының Орталық стадионында өткен Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда «Қайрат» гректің «Панатинаикос» клубынан 1:5 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Осылайша алматылық команда турнирдегі екінші матчында ұпай жинай алмады. «Қайраттың» жалғыз голын қазақстандық шабуылшы Исмаил Бекболат соқты.

Бекболаттың голы жеңілістен құтқармады

Кездесудің 79-минутында Исмаил Бекболат қарсылас қақпасын дәл көздеді. Оған ұлттық құрама қорғаушысы Александр Широбоков нәтижелі пас берді. Бұл матчтағы «Қайраттың» жалғыз голы болды.

«Панатинаикос» кестеде көш бастады

Екі турдан кейін «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар. Команда турнир кестесінде әзірге 22-орында тұр, алайда турдың қалған матчтары аяқталған соң төмен сырғуы мүмкін.

Алты ұпай жинаған «Панатинаикос» жалпы кезең кестесінде көш бастап келеді.

Back to top button