TOP-2Жаңалықтар
Президент Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайды ұсынды
Үкімет ғимаратында Құрылтайдың алғашқы отырысы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланған депутаттарға ел сенім артып отырғанын айтып, бәріне лайықты қызмет етесіздер деп үміттенемінін мәлім етті. Сайлауда халықтың 74 пайыздан астамы дауыс бергенін жеткізді. Сайлау әділ әрі ашық өтті деді.
Отырыста президент “Әділет” партиясының төрағасы Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағалығына ұсынды
Еске сала кетейік, бұған дейін бес партия өз атынан 145 адамды іріктеп, Құрылтай депутаттығына ұсынған еді. Яғни, осы 145 адам су жаңа Парламенттің депутаттары болады.