ЖаңалықтарОқиға
Павлодарда жеңіл көлік өртеніп кетті

Жалынның шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Павлодар қаласында Бекхожин көшесінде ашық аумақта 4 шаршы метр жердегі жеңіл автокөлік өртенді.
«Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті қысқа мерзімде ауыздықтады», – деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтеншеліктер көлік иелерін өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға және автокөліктердің техникалық жай-күйін уақтылы тексеріп отыруға шақырады.