$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☀ +1° Сезіледі -4° Жел 2 м/с Ылғалдылық 63%
Жаңалықтар

Отырар ауданында «Тарихқа тағзым –ұрпаққа аманат» бастамасы аясында 500-ге жуық адам сенбілікке шықты

Республика күні қарсаңында Отырар ауданында «Тарихқа тағзым-ұрпаққа аманат» жалпыұлттық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше,  Тазалық жұмыстарына жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында аудан тұрғындары, еріктілер мен ұйымдастырушылар қатысып, қоғамдық аумақтарды тазарту және елді мекендердің көркін арттыру жұмыстарына атсалысты.

Сондай-ақ, тазалық шарасына 10-ға жуық техника жұмылдырылып, 5 тоннаға жуық қоқыс арнайы орындарға жеткізілді.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамда экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған ортақ бастама. Мұндай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы таза әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button