$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +5° Сезіледі +3° Жел 1 м/с Ылғалдылық 87%
TOP-2Жаңалықтар

Оқушылар арасындағы әлімжеттік қалай тоқтатылмақ – ІІМ түсіндірді

Бұдан былай мектептерде ұялы телефон қолданылмайтын болады.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте оқушылар мен студенттер арасында болатын әлімжеттікпен күреске қатысты қандай шаралар қолданылатыны айтылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Мектептерде ұялы телефон қолданылмайды»

«Мектеп оқушылары мен студенттердің бір-бірін соғып, қорлаған видеолары әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр. Биыл осындай әлімжеттікпен күреске қатысты қандай шараларды қолға аласыздар?» деген сұраққа Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Карина Қабешқызы жауап берді.

«Әрбір мектепке, әрбір колледжге біздің қызметкерлер тағайындалды. Сол жұмысты нығайтатын басшылар тағайындалды. Профилактикалық жұмысқа өте маңызды қарап жатырмыз. Біріншіден, мектептерде ұялы телефон қолданылмайтын болады. Бұл – бізге көмек. Ондай фактілер болса – қызметтік тексеріс, профилактикалық жұмыс жүргіземіз», – дейді ол.

«Заң және тәртіп» оқу курсы енгізілді

Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шынар Ақпарова да бұл мәселеге қатысты ойын айтты,

«Біз мектеп бағдарламасына «Заң және тәртіп» оқу курсын енгіздік. Одан бөлек «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осы бағытта бірлесіп жұмыс істейміз. Оның ішінде Ішкі істер министрлігі де бар. Осы бпғытта жұмысты күшейтін жатырмыз», – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 1 қыркүйекте оқушыларға мұғалімдерге гүл немесе сыйлық сыйлауға болмайтыны туралы жаздық. Биылдан бастап мектеп аумағында мұғалімдерге гүл де, сыйлық та сыйлауға рұқсат етілмейді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button