TOP-2

Nvidia басшысы Хуанг бір кеште 32 млрд долларға байыды

Nvidia компаниясының бас директоры лауазымына қайта тағайындалған Дженсен Хуангтың байлығы бір күнде 32 млрд долларға артты. Қазір Хуангтың әл-ауқаты 144 млрд долларды құрайды. Кәсіпкер әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 13-орынға көтерілген, деп хабарлайды Tizgin.kz Forbes-қа сүйеніп.

Дженсен Хуанг қызметіне оралғаны туралы хабар тарағаннан кейін компания акцияларының бағасы 31 пайызға өсті. Нәтижесінде Nvidia-ның нарықтық құны 3 трлн доллардан асты.

Компания қызметкерлері Дженсен Хуангты кеңседе қошеметпен қарсы алған.

Хуанг қызметінен неге кетті

63 жастағы Дженсен Хуанг Сингапурдағы Megaspeed компаниясының менеджерімен некеден тыс қарым-қатынаста болғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін қызметінен шеттетілді.

Бірқатар АҚШ басылымы Хуангтың жұбы Қытай тыңшысы болуы мүмкін екенін жазды.

Nvidia – жасанды интеллект жүйелеріне арналған чип өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Ол АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық бәсекеде маңызды орын алады. Вашингтон ұлттық қауіпсіздік мақсатында озық чиптердің Қытайға экспортталуына шектеу қойған.

 

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button