«Көмек керек бізге!»: Түркістанда «Газельді» қыспаққа алған күдіктілер ұсталды
Түркістан облысында бірнеше көлік «Газельді» жүк көлігін қуып, жолын бөгеген. Оқиғаға қатысты үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқиға қайда болды
Аталған жайт Ордабасы ауданына қарасты Бадам елдімекенінде болды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Соған көз жүгіртсек, бірнеше көліктің жүк көлігін қыспаққа алғаны көрінеді. Жүк көлігіндегілер мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ көліктердің ізіне түскендерін айтып, көмек сұраған.
Жігіттер жарақат алды ма
Түркістан облысының полициясы осы дерекке сәйкес қылмыстық іс қозғап, үш күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде автокөлікке зақым келтіру және жолаушылардың біріне дене жарақатын салу деректері анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
Ведомство өкілдері кінәлілер заң аясында жауапқа тартылатынын жеткізді.