$ 450.62 € 504.20 ₽ 5.36
TOP-2Тергеу

Ресейлік әнші Navai Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды

Әнші Navai Қазақстанға кірер кезде «Қордай» бақылау-өткізу пунктінде ұсталды. Орындаушы келген автокөліктен есірткі заты табылған, деп хабарлайды Tizgin.kz құқық қорғау органдарының мәліметіне сілтеме жасап.

Әншінің ұсталуы жайлы не белгілі

NAVAI сахналық лақап атымен танымал шетел азаматын 13 қазанда полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ұстаған. Ол Қазақстанға келген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заты табылып, тәркіленген. Хабарламада оның түрі мен мөлшері нақтыланбаған.

Осы дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Орындаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстанның Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бұған дейін концертінің өтпейтіні хабарланған

Бұған дейін Tizgin.kz ресейлік әнші Navai-дың Жамбыл облысында ұсталғаны туралы ақпарат тарағанын жазған еді. Енді құқық қорғау органдары орындаушының ұсталғанын растады.

14 қазанда әртістің Астанада концерті өтуге тиіс болған. Алайда басталуына бірнеше сағат қалғанда ұйымдастырушылар техникалық себептерге байланысты концерттің өтпейтінін хабарлады. Ресми хабарламада бұл шешімнің әншінің ұсталуымен байланысы нақтыланбаған.

Back to top button