$ 450.62 € 504.20 ₽ 5.36
Жаңалықтар

Әлеуметтік желідегі бейнежазба үшін Орал тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтаған. Осыдан кейін олар бейнежазбаның авторын білу үшін тиісті шаралар қабылдаған.

Тексеру нәтижесінде Орал қаласының 44 жастағы азаматы белгілі болды.

Сот шешімі

Полиция мәліметінше, құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Аталмыш оқиғадан кейін полиция азаматтарға әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтау қажеттігін ескертті.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button