Эксклюзив
Кенесары ханға тіл тигізген қыздар Қазақстаннан кеткен – ЕҰУ ресми түсініктеме берді
Дау неден басталды
Бұған дейін Бішкектен Астанаға алмасу бағдарламасымен келген студенттердің онлайн эфирінен үзінді әлеуметтік желіде тараған. Онда қыздар Қырғызстанда «Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішетіні» туралы сөз айтқан. Эфирге қатысқан өзге адамдар бұл сөздерді бірден сынап, видеоны Қырғызстан елшілігіне жіберетінін жеткізген. Үзінді тарағаннан кейін Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуметтік желі қолданушылары студенттердің сөзін айыптады.