$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
TOP-2Жаңалықтар

14 сарбаздың өлімі: аман қалған үшінші азаматтың кім екені белгілі болды

Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған әскери қызметшілердің бірі — Никита Удалов. Бұл туралы оның Орал қаласындағы №32 мектепте бірге оқыған сыныптасы әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жазба авторының айтуынша, ол Никитамен бірінші сыныптан бері таныс. Екеуі бірге өсіп, мектеп жылдарын қатар өткізген.

«Каспийдегі трагедия… Аман қалғандардың бірі – Орал қаласындағы №32 мектепте бірге оқыған сыныптасымыз Никита Удалов. Ол – бірінші сыныптан бері білетін жақын адамым. Біз бірге өсіп, есейдік, мектеп жылдарын бірге өткіздік. Осындай жағдайдың басыңнан өткеніне әлі күнге дейін сене алар емеспін, Никита…» – деп жазды сыныптасы.

Автор қазір өзі Алматыда, ал Никита Оралда екенін айтқан.

«Қазір арамызды талай шақырым бөліп тұр: сен Оралдасың, мен Алматыдамын. Бірақ мұндай сәттерде арақашықтықтың еш маңызы жоқ», – делінген жазбада.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Back to top button