$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді ескертусіз, аяқ астынан тексере бастады

Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі

Генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысқан. Тексеру кезінде казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударылған.

Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілген.

Қорғаныс министрі болып Айдос Мырзахметов бірнеше күн бұрын тағайындалған еді. Каспийде 14 сарбаз қаза болған соң президент ведомствоның басшысын ауыстырған.

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿 ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ (@modgovkz)

Back to top button