Жамбыл облысында екінші сынып оқушысына зорлық көрсеткен ер адам өмір бойына сотталды
Сараптама қорытындылары ер адамның кінәсін толық дәлелдеді.
Тергеу материалдарына сәйкес, қыздың ата-анасы үйде болмаған кезде ер адам жалған сылтаумен үйге кірген. Сол уақытта үйде көзі көрмейтін қарт атасы, екінші сыныпта оқитын қыз және бесікте жатқан сәби болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Үйге сылтау айтып кірген
Оқиға облыстағы ауылдардың бірінде болған. Тергеу мәліметінше, отбасының туысы үйге Wi-Fi желісінің құпиясөзін сұрау сылтауымен келген. Ата-анасы болмаған сәтті пайдаланған ол қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.
Қыз анасына болған жайды айтып берген
Ер адам қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Сол күні кешке қыз ауырсынғанын айтып, болған жағдайды анасына жеткізген. Осыдан кейін анасы полиция шақырған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы диваннан биологиялық іздер мен микроталшықтардың үлгілерін алған.
Ер адамның кінәсі дәлелденді
Тергеу барысында жиналған дәлелдер мен сараптама қорытындылары ер адамның кінәсін толық дәлелдеді. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.