TOP-2Жаңалықтар

Дуров Астанадағы AI олимпиадасының жеңімпаздарына 106,5 мың доллардан аса сыйақы береді

Астанада өткен Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары Telegram компаниясынан жалпы сомасы 106,5 мың доллардан асатын сыйақы алады. Бұл туралы Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның айтуынша, халықаралық олимпиада 8 тамызда Қазақстан астанасында мәресіне жеткен. Командалық есепте Ресей құрамасы бірінші орын алса, жекелей сында Дуровтың туған қаласынан келген Артем Горохов жеңімпаз атанған.

«Жеңімпаздарға Telegram атынан берілетін 106,5 мың доллардан астам сыйақыны келесі айда қауіпсіз түрде табыстау үшін ұйымдастырушылармен байланысып жатырмыз», – деп жазды Павел Дуров өзінің Telegram-арнасында.

Сондай-ақ ол Қазақстан өкілінің жетістігіне ерекше тоқталды. Жекелей сында қазақстандық Дәужан Бекетов екінші нәтиже көрсеткен. Дуров отандасымыздың жүлделі көрсеткішіне қуанышты екенін жеткізді.

Дуровтың Астанаға келуі

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров былтыр Қазақстанда жасанды интеллект зертханасының ашылатынын хабарлаған еді. Ол бұл туралы Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 халықаралық форумында мәлімдеді. Жасанды интеллектке маманданған зертхана бүгін, 2 қазан күні, Alem.ai ғимаратында ашылған.

Back to top button