Спорт

Допинг дауымен шеттетілген Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Орта салмақта Әлем чемпионы шаршы алаңға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz

БОКСШЫНЫҢ ЖОСПАРЫ ҚАНДАЙ

33 жастағы былғары қолғап шебері допинг дауына байланысты спорттан шеттетілген болатын. Қазір сол мерзімін өтеп жатыр. Алайда ол биыл 6 желтоқсаннан кейін қайтадан жекпе-жек өткізе алады.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жоспарымен бөлісті.

Мен бокс қолғабын алғаш рет 6 жасымда кидім. Содан бері 27 жыл өтсе де, әлі рингтемін. Рингтің төрт бұрышында не болып жатқанын көрдік, алда әлі талай нәрсе күтіп тұр. Шаршы алаңды сағындым, жанкүйерлер де бізді сағынғанын білемін. Желтоқсанда Әлем чемпионы атағымды қорғаймын, – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, бұған дейін оның командасы дисквалификация мерзімін қысқарту немесе толықтай алып тастау туралы WBO ұйымына апелляция берген еді. Бірақ боксшының соңғы жазбасына қарағанда, әзірге жағдай өзгермеген. Сол себепті, оның келесі жекпе-жегі ең ерте дегенде биыл желтоқсан айында өтуі мүмкін.

Back to top button