Бұл сайлау мінсіз ұйымдастырылды деп айтсақ, қате болмас – Тоқаев
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесу барысында Құрылтай сайлауы мінсіз өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Президент қазір еліміз тарихи өрлеу кезеңіне қадам басқанына назар аударды.
“Біз бір ел, бір халық болып ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Жаңа Конституциямызды қабылдадық. Еліміздің бас құжатында ғылым мен білімге, инновацияға басымдық бердік. Ең бастысы, жаңа Конституция өскелең ұрпақтың игілігі үшін жазылды. Кеше ғана тарихымызда тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтті. Бұл сайлау сәтті, мінсіз ұйымдастырылды деп айтсақ, қате болмас. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бүкіл халқымызға азаматтық кемелдік танытып, жаңару стратегиямызды қолдағаны үшін мың да бір алғысымды айтамын. Сайлау кезінде бір топ байқаушылар, соның ішінде халықаралық байқаушылар өте тиімді жұмыс істеді. Оларға да зор ризашылығымды білдіремін. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне рахметімді айтамын. Олар өте табанды қызмет атқарды”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Құрылтай сайлауы
Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өткізілді. Жеті партия 145 орын үшін таласып, ең көп дауысты “Әділет” партиясы (6 528 948 (71,17 пайыз)) ең көп дауысты иеленді.