$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

Астанада 50-ден астам адамды алдаған алаяқтар ісі сотқа жолданды

Елордада алаяқтық жасады деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Төрт жыл бойы алдап келген

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 жыл бойы азаматтарды жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алуға, сондай-ақ тиімді шарттармен несие рәсімдеуге көмектесеміз деген желеумен алдап келген.

Қылмыстық әрекеттеріне заңды сипат беру мақсатында күдіктілер кеңсе үй-жайларын жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген, – делінген Бас прокуратура бөліскен ақпаратта.

Қанша адам зардап шекті

Сонымен қатар, олар азаматтардың сеніміне кіру үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда ықпалды байланыстары бар екеніне сендірген.

Осының салдарынан 51 азамат жардап шегіп, келтірілген жалпы материалдық залал 413 млн теңгеден асты.

Айыпталушылардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, атап айтқанда, 190-бабының 4-бөлігі (қылмыстық топ жасаған, ірі және аса ірі мөлшердегі алаяқтық) және 262-бабы (ұйымдасқан топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) сәйкес сараланды, – делінген ақпаратта.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Back to top button