Бүгін Сенаттың соңғы отырысы өтті: Парламенттің 30 жылдық кезеңі аяқталды
1 шілдеден бастап елде жаңа Конституция күшіне еніп, қазіргі Парламенттің өкілеттік мерзімі аяқталады.
29 маусымда Қазақстан тарихындағы Сенаттың соңғы отырысы өтті. 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті сессияның ресми жабылуы жарияланады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
1995 жылғы Конституция негізінде құрылған қос палаталы Парламент 30 жылдық қызметін тәмамдап отыр.
Қазақстанда Вице-президент пен Құрылтайға қатысты заң қабылданды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, алдағы кезең ел үшін жаңа міндеттер мен тың өзгерістерге толы болады.
«Құрметті әріптестер, алда бізді дамудың жаңа кезеңі, ауқымды әрі жауапты міндеттер күтіп тұр. Сенаттың 30 жылдық мол тәжірибесін жалғастырып, жаңа форматта және жаңа мәртебеде жұмысын бастайтын Құрылтайға сәттілік тілейміз! Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, халқымыз ел игілігі жолында әрдайым бірлікте еңбек ете берсін», – деді Мәулен Әшімбаев.
Оның айтуынша, Сенат үш онжылдық бойы заң шығару жүйесінің маңызды институты ретінде қызмет атқарды.