$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ГеосаясатЖаңалықтар

Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады

2026 жылғы 8 тамызда Бельгия Королі Филипп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жеделхатында Король Филипп Мемлекет басшысына Бельгияның Ұлттық күніне орай жолдаған ізгі тілегі мен құттықтауы үшін шынайы алғысын білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сондай-ақ Бельгия монархы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биыл Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарын асыға күтетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, 21 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппті Ұлттық күнімен құттықтап, Брюссельге жасаған сапарын атап өткен болатын.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button