Оқиға

Алматыда соққыға жығылған зейнеткер ауруханадан шықты

Алматыда аялдамада аяусыз соққыға жығылған зейнеткер амбулаториялық ем алуға жіберілді. Бұл туралы облыстың Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Еске салсақ, 66 жастағы әйелге 23 сәуір күні белгісіз ер адам шабуыл жасады. Күдікті зейнеткер әйелді бас салып ұра жөнелген, содан кетіп қалған. Полиция күдіктіні ұстап, тергеу жұмыстарын бастаған.

Зардап шеккен зейнеткер Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған барлық қажетті тексерулерді, соның ішінде миға компьютерлік томография жасады.

Тексеру нәтижесінде ми қан айналымының жедел бұзылуы немесе ми жарақаты анықталмаған. Дәрігерлер жарақаттарына тиісті ем тағайындап, ұсынымдар берген.

Қазіргі таңда зейнеткер әйел тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.

Back to top button