ЖаңалықтарСпорт
Абзал Тұлыбеков Көшпенділер ойындарының чемпионы атанды
Отандасымыз жамбы атудың қырғыз стилінен сынға түсіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұл – ел қоржынына салынған үшінші алтын.
Бұған дейін Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы екі алтын медалін жеңіп алды. Ел қоржынына аударыспақтан сынға түскен Нұрталап Керім мен Сайлау Мұхаммеджан алтын салды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамызда ашылды. Ойындардың ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Биылғы жарыста Қазақстан намысын 150-ден астам спортшы қорғайды.