TOP-2Жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан мамандары ашылу салтанатына ерекше сән берді (Видео)

Көшпенділер ойындары 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанаты өтті. Оған 17 елдің президенті мен 50 мыңнан аса көрермен қатысты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жарыс Ыстықкөл облысында өтеді. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. 43 сайыс түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

VI Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын Қазақстан мамандары ұйымдастырған. Режиссері әрі бас продюссері Андрей Хван, ұйымдастырушы комитетінің төрағасы Қаныбек Тұманбаев, броаткаст-продюсер Нұрсұлтан Базарбай және басқа қа қазақстандық мамандар сахна сыртында еңбек етіп, ойынның ашылу салтанатынын жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Сондай-ақ, алматылық мамандардың show.screen лэд экрандары ойындардың ашылу салтанатына көрік берді.

Қазақстандық қатысушылар ортаға шыққанда көрмендердің ықыласы ерекше болды.

Аталған шараның ашылу салтанатына қатысқандар оның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтуда. Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық мамандарға алғыс білдіруде.

«Қазақ, қырғыз – бір туған. Бір-бірімізді осындайда қолдамағанда қашан қолдаймыз!»,

 

«Осындай бойында ұлтық рухы жанып тұрған жігіттер елді көркейтіп абыройын асырады, істеріңізге береке берсін»,

 

«Бұл кеште Қырғызстан көрерменге әсерлі шоу ұсынып қана қоймай, ұлттық мәдениетін әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтардың жүрегіне жеткізе білді», – деген пікірлер жазды.

Back to top button