TOP-2Жаңалықтар

72 жастағы Жигули Дайрабаев Құрылтай сайлауына түспек

«Ауыл» партиясы өз қатарынан 69 адамды Құрылтай депутаттығына ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Журналистер партия сьезінен кейін Жигули Дайрабаевтан не үшін сайлауға түскелі отырғанын сұрады. 72 жастағы саясаткер күш-қарымын журналист Асхат Ниязовпен қолтіресе көрсетті.

«АҚШ-та да, Ұлыбританияда да 75 жастағы депутаттар, лордтар қызмет атқарып жүр. Ал бізге оған дейін әлі төрт жыл бар. Сондықтан өмір әлі алда. Күш-қуатымыз да жеткілікті. Сондықтан күресеміз», – деді қол күрестен жеңген Дайрабаев.

Айта кетейік, бүгін «Ауыл» партиясының кезектен тыс XXVI съезінде партияның сайлауалды бағдарламасы, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі және саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Back to top button