$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
TOP-1Жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады

Мемлекет басшысының жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларымен марапатталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Мұхтарұлы Олжас – 29011 әскери бөлімі взводының командирі.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Бегей Дастан Нұрболұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Гилаж Ақжайық Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Ғұмаров Мансұр Айтбайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Диханбаев Олжас Тәжібайұлы – 29011 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі;

Жаңабай Әсет Саматұлы – 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеушісі);

Көбенов Алмас Жүсіпұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Мәдіхан Азамат Болатбекұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);

Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);

Темірғалиев Жеңіс Тілеуішұлы – 29011 әскери бөлімінің матросы (оқшашар атқыштың көмекшісі);

Төлеген Ақылбек Қабденұлы – 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқышы);

Тұрдыбекұлы Мирас – 29011 әскери бөлімінің матросы (атқышы).

Каспийдегі трагедия

24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.

Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды. 

Back to top button