$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Спорт

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстанның әйелдер құрамасы Самарқандта өткен дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Соңғы турда қазақстандық шахматшылар Польша құрамасымен кездесіп, матчты 2:2 есебімен аяқтады. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама 18 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, үздік үштікті Үндістан командасы түйіндеді.

Қазақстан құрамасының күміс жүлдегерлері

Күміс медальді Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Елназ Қалиахмет, Меруерт Камалиденова және Зарина Нұрғалиева жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы дүниежүзілік шахмат олимпиадасын жүлделі орынмен аяқтады.

Ерлер құрамасы үздік 25-тікке енді

Ерлер арасындағы турнирде Қазақстан құрамасы 15 ұпай жинап, үздік 25 команданың қатарына кірді.

Самарқандта өткен жарыстың жеңімпазы — алаң иесі Өзбекстан құрамасы.

Back to top button