$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

Такси жүргізушілері енді медициналық тексеруден өтеді

Қазақстанда такси жүргізушілерінің рейс алдындағы медициналық тексерісіне бақылау күшейтілетін болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жүргізушілер бақылауға алынады

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір жүргізуші куәлігін автоматты түрде тексеру жүйесі енгізіліп жатыр. Аталған жүйе жүргізуші куәлігі жоқ тұрғындардың такси жүргізушісі болып жұмыс істеуіне жол бермейді.

«Көлік министрлігі мен такси агрегаторларына жүргізушілердің рейс алдында медициналық тексеріс пен көліктердің техникалық тексерістен өтуін бақылау бойынша нақты тетігін әзірлеу қажет», – деді Сәденов.

Баллдық жүйе енгізіледі

Министр айыппұлға мән бермейтін жүргізушілерге қатысты жаңа шара әзірленіп жатқанын алға тартты. Оның сөзінше, баллдық жүйе әр құқық бұзушылық пен ауырлығын ескеруге мүмкіндік береді.

«Айыппұлдан бөлек, бірнеше рет және ауыр құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігін бір жылға тоқтату көзделеді», – деді Сәденов.

Тиісті заңнамалық түзетулер Құрылтай қарауына ұсынылмақ.

Back to top button