200 жаңа жоба: Қазақстан өнеркәсібі қалай өзгеріп жатыр
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі шикізатқа тәуелді модельден біртіндеп алыстап, жаңа индустриялық кезеңге бет алды. Бұл – ел үкіметі 2010 жылдардың басынан бері халыққа уәде етіп келе жатқан саясат. Сол уәдені орындау үшін арнайы индустриялық-инновациялық бағдарлама жасалып, мұнай экспортынан түскен триллиондаған ақша жаңа жобаларға салынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сол бағдарламаның сәтсіз іске асуы мемлекеттік бір кірген иірімге қайт әкеліп отыр. Бірақ бұл жолғы саясат сәтті басталды деуге негіз бар. 2024 жылдан бастап қайта өңдеу секторының экономикадағы үлесі тау-кен өндірісінен асып, экономиканың құрылымы өзгере бастады. 2026 жылдың алғашқы тоқсанында өңдеу өнеркәсібі 8,5%-ға өссе, машина жасау саласы 21,9% өсім көрсетті.
Қайта өңдеу ЖІӨ-нің шамамен 13-14%-ына жетіп, өндіріс көлемі 23 трлн теңгеден асты. Бұл ішкі кооперацияның күшейгенін көрсетеді.. Мысалы, «Қазцинк» ЖШС жеткізетін қорғасын аккумулятор өндірісінде пайдаланылса, «Қазақмыс» пен Қазақстан электролиз зауытының металдары электротехникалық өнім шығаруға бағытталып отыр. «Qarmet» өнімдері тұрмыстық техника мен машина жасау саласына жолданып жатыр.
2026 жылы елде 200 өнеркәсіптік жоба іске қосылып, шамамен 19,4 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде металлургияда 39 жоба, құрылыс материалдарының өндірісінде 28, химия өнеркәсібінде 21, тамақ өндірісінде 13 жоба бар.
2021 жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданса, кейін 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Өндіріс құрылымы да өзгеріп жатыр. Жеңіл өнеркәсіпте өсім 51,1%-ға, құрылыс материалдарында 37,1%-ға жетті. Химия өнеркәсібі мен пластмасса өндірісі де тұрақты өсім көрсетуде.
Жаңа өнеркәсіп саясаттың сатысы – қосылған құны әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту.
“Өндірісті дамыту бұрынғыдай жобалық қуаттарды арттырумен шектелмеу керек. Экономикамыз пластик өнімдерін әлі де көп импорттайды. Ішкі өндірісті дамыту сыртқы тәуелділікті азайтады. Мысалы, осы саланы жолға қойсақ, қаптама индустриясы мен құрылыс материалдарының өндірісі қарқынды дамиды. Алайда қосылған құны бар өндіріс қарқын алу мемлекет жаңа өндірістерге өнеркәсіптік деңгейде сұраныс қалыптастыру керек”, – дейді Елена Акольцева.