ЖаңалықтарОқиға

Айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты

Қайғылы оқиға Атбасар мен Есіл қалаларының аралығында болған.

Астана-Қостанай тасжолында қайғылы жағдай болып, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Суық хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов Facebook парақшасына жазды.

Оқыс оқиға Атбасар мен Есіл қалаларының аралығында болған. Әріптесінің айтуынша, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары қызметін атқарған Салтанат Өтелбаева жолдасымен бірге қызының мектеп бітіру кешіне бара жатқа. Олар таңғы сағат 04:00-де Астанадан жолға шыққан. Олардың қызы Алтынай мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестат алатын күні еді.

Марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов Facebook парақшасында отбасының артында қалған балаларына жұбату айтып, қайғылы хабарды жеткізді.

«Суық хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Жалған өмір-ай, десейші! Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты. Жалғыз ұлы Нұрсұлтан таңғы 9-да «Аға, ата-анамнан айрылып қалдым» деп хабарласты. Бүгін қызы Алтынайдың мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестатын алатын күні еді. Үлгіремін деп асықты ма екен, Астанадан таңғы 4-те жолға шығып кетіпті. Атбасар мен Есілдің ортасында жол апаты орын алды. Әріптестері арасында зор құрметке ие болған Салтанат Амантайқызы ашық көңілді, мейірімді әрі парасатты жан еді. Оның адал еңбегі, туған елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып қала береді. Отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Балаларына Құдай өмір берсін. Салтанат досымның жаны жәннатта, иманы саламат болсын”, – деп жазды Марғұлан Оспанов.

Back to top button