TOP-2ЖаңалықтарСпорт

«1 млн доллар ұсынды»: Сәпиев тағдырына әсер еткен таңдауы жайлы айтты

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев спорттық мансабын аяқтағаннан кейін кәсіпқой боксқа ауысуға ұсыныстар алғанын айтты. Тіпті шетелдік промоутерлердің бірі оған 1 миллион доллар төлеуге дайын болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сәпиевтің айтуынша, мұндай ұсыныстардың бірі Геннадий Головкиннің жекпе-жектерінің біріне барған кезде жасалған.

«Спорттан кейін әлбетте, маған да кәсіпқой боксқа кел деген ұсыныстар болды. Біз Головкиннің жекпе-жектерінің біріне барғанда Серхио Мартинестің промоутерлерінің бірі мені нұсқап «мына жігітке кәсіпқой бокс келісімшартын жасаса, 1 млн доллар берер едім» деді. Мен ағылшын тілінде сөйлемейтін едім, соны көрді де, бұрылып кетіп қалды. Промоутерлер сондай – «биікте» жүретін адамдар. Оларға боксшылардың өздері келуі керек», – дейді Сәпиев.

Серік Сәпиев Олимпиада ойындарынан кейін ақша табуды мақсат етпегенін айтады. Сөзінше, кәсіпқой боксқа сай дене жаттығуын қайта қалпына келтіру өте қиынға түсетінін білген.

«Олимпиада ойындарынан кейін жеке бапкерім «бәріне жеттің, енді карьераңды аяқта» деді. Бокс федерациясы мені қолдады да, мені жұмысқа алды. Бірақ соның арқасында басымнан көп соққы алмадым, үлкен басымдығым да сол ма деймін», – деді Серік Сәпиев.

Back to top button