Зардап шеккендер бар: Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылды
Жол-көлік оқиғасы Алтай Республикасы аумағында болған. Соның салдарынан Қазақстанның төрт азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЖЫРАҒА АУДАРЫЛДЫ
Аталған ақпаратпен Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігі бөліскен. Соған сенсек, жол апаты 7 шілде күні таңертең сағат 08:00 мөлшерінде Онгудай ауданына қарасты Белый Бом ауылы маңында тіркелді.
“Changan X5 Plus автокөлігіндегі 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік жолдан шығып, жол жиегіндегі жыраға аударылды”, – делінген ақпаратта.
ТЕКСЕРІС ЖҮРІП ЖАТЫР
Жол апатынан түрлі дәрежедегі жарақат алған жүргізуші мен көліктегі үш жолаушы, одан бөлек, 15 жастағы қыз Онгудай аудандық ауруханасына жеткізілді. Жарақат алғандардың барлығы – Қазақстан азаматтары.
Қазір оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.