Венесуэладағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты
Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты. Ел билігінің соңғы мәліметінше, апат салдарынан 16 740 адам жарақат алып, 17 907 тұрғын баспанасыз қалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Боливар Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің айтуынша, табиғи апат салдарынан 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 нысанға елеулі зақым келген.
Зілзаладан көз жұмғандардың саны әлі де артып жатыр. Бұған дейін БҰҰ сарапшылары құрбандар саны 10 мың адамға дейін жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.
Мыңдаған адам құтқарылды
Қазір Венесуэла билігі мен халықаралық құтқару топтары апат аймағында ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Соңғы мәлімет бойынша, 6 462 адам құтқарылып, 29 966 тұрғынға медициналық көмек көрсетілген.
Сонымен қатар табиғи апаттан зардап шеккен 86 794 отбасыға гуманитарлық көмек беріліп, өңірлерге 9766 тонна азық-түлік жеткізілген.