Ұлттық банк қыркүйекте тағы 5 тонна алтын сатып алды
Қүздің алғашқы айында Ұлттық банк тағы 5 тонна алтын сатып алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бір айдағы рекордтық көрсеткіш
World Gold Council (WGC) есебі мәліметінше, қыркүйек айында әлем елдерінің орталық банктері алтын сатып алуды үзбеген. Олар бір айда 61 тонна алтын сатып алған. Бұл осы жыл басталғалы бергі рекордтық айлық көрсеткіш.
Таза сатып алулар бойынша Қытай мен Польша көш бастап тұр, олар қорды тиісінше 25 және 23 тоннаға арттырды. Одан соң Өзбекстан (+7 тонна) мен Қазақстан орналасқан. Мәлім болғандай, Ұлттық банк қыркүйекте 5 тонна алтын сатып алды.
Жыл басталғалы да жағдай осыған ұқсас. Польша мен Қытай таза түрде 100 тоннадан астам алтын сатып алса, Өзбекстан – 50 тоннадан астам, ал Қазақстан – шамамен 41 тонна алтын алды. Ұйым бұдан бөлек, Чехия, Сингапур және Чилиді де өздерінің алтын резервтерін екі таңбалы көлемде ұлғайтқан елдер ретінде алға тартты.
Ұлттық банк алтын сатуы мүмкін
12 қазан күні Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның халықаралық резервтерін әртараптандыру мақсатында алтын сатуды көздеп отырғанын хабарлады.