Түркіменстанда оқушы қыздардың «пәктігін» тексеріп жатыр
Түркіменстанның Мары облысында жоғары сыныпта оқитын қыздардың «пәктігін» тексеріп жатыр. Жыныстық қатынасқа түсті деген күдік болған жағдайда қыздарға ВИЧ тестін тапсыртады. Бұл туралы Tizgin.kz порталы Азаттық радиосының Түркімен қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір тек оқушы қыздар тексеріліп жатыр
Редакцияның мәліметінше, тексеруді аяқ астынан жүргізеді. Ата-аналарға да бұл туралы алдын ала хабарланбайды. Егер жоғары сынып оқшысы дәрігерге барудан бас тартса – ата-анасын мектепке шақыруы мүмкін. Мұндай жағдайда тексеру ата-анасының келісімімен ғана жүргізіледі. Қазір тек қыздар тексеріліп жатыр. Егер оқушы қыздан ВИЧ анықталса – дәрігерлер сыныптас ұлдарды да тексеруі мүмкін.
«Пәктік» ұғымының медицинада ғылыми негізі жоқ
Тексерудің кімнің нұсқауымен жүргізіліп жатқаны және қанша мектепті қамтығаны әзірге белгісіз.
«Азаттық радиосының Түркімен қызметі аталған оқу орындарынан түсініктеме ала алмаған. Түркіменстанда мектепте оқитын қыздарды гинекологиялық тексерістен өткізу бұған дейін де болған. Екі жыл бұрын Мары облысында ата-аналардан қыздарын «моральдық» тазалығын түсіндіру деп түсіндірілген медициналық тексеруге апаруды талап еткен», – деп жазылған хабарламада.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «пәктік» ұғымының медицинада ғылыми негізі жоқ екенін атап өтеді.