Тоқаев қытай, ағылшын және французша әдеби тілде сөйлейді – Көпеев
Мемлекет қайқаткері Мұхамбет Көпеев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың есте сақтау қабілетінің жоғары екенін айтты. Бұл туралы ол Адырна порталына берген сұхбатында айтқан.
Мемлекет қайраткері Мұхамбет Көпеев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын да еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде Қасым-Жомарт Кемелұлы өте ашық, қарапайым әрі әріптестерімен еркін пікір алмасатын адам болған.
«Біз көп сөйлесетінбіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы қызметке қатысты ойларын, пікірлерін ашық жеткізетін. Оның тағы бір ерекшелігі – есте сақтау қабілетінің өте жоғары болғаны. Архивтегі құжаттардың қайсысы қандай екенін, олардың қашан жазылғанын жақсы білетін. Сол кезде оның жадына ерекше таңғалғаным есімде», – деп еске алады Мұхамбет Көпеев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram